Шерзат ісі: басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды
5 маусым, 2025
фото: видеодан алынған кадр
Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша өткен сот отырысында іс бойынша 9 айыпталушыға сот үкімі шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Басты күдікті деп танылған Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды.
Абзал Шынасылға, екі аса ауыр және бір ауыр қылмыс, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары (адам өлтіру), 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 1), 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін айып тағылды.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 4 қазанында Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тауып, кейіннен отбасының үйі өртеніп кеткен еді.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген