Референдум-2026

Серік Сәпиев пен оның орынбасары қызметтерінен босатылды

Серік Сәпиев пен оның орынбасары қызметтерінен босатылды
Фото: Туризм жəне спорт министрлігінен

Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов атқарып отырған лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz  облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметтен өз еріктерімен кеткен. 

Еске салсақ, 23 қаңтарда Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында жанжал шыққан болатын. 

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев бұл лауазымға 2024 жылы қараша айында тағайындалған еді.