Референдум-2026

Сәлемдемедегі марихуана: Жамбылдан батыс өңірлерге есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырушы ұсталды

Сәлемдемедегі марихуана: Жамбылдан батыс өңірлерге есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырушы ұсталды
ІІМ видеосының скрині

Полиция еліміздің батыс өңірлеріне есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Маңғыстау облысы полиция департаментіндегі әріптестерімен бірлесіп есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады.

«41 жастағы азамат Жамбыл облысынан еліміздің батыс өңірлеріне есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырған. Тыйым салынған жүкті тасымалдау үшін жүк тасымалдау қызметін пайдаланып, есірткіні қарапайым сәлемдеме ретінде жасырған», делінген хабарламада.

Күдікті Ақтау қаласында сәлемдемені алып жатқан кезінде ұсталды.

Сәлемдемені тексеру барысында полиция қызметкерлері ішінде өсімдік тектес зат салынған екі қапты анықтады. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттың кептірілген марихуана екенін растады. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 33,5 келіден асты.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by policebqo (@policebqo)

Еске сала кетсек, Алматы облысында полиция автоматтандырылған есірткі зертханасын тапты.