Референдум-2026

«Құрылтай-2026»: eGov Mobile арқылы өз сайлау учаскеңізді білуге болады

Бүгін, 14:32
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Құрылтай-2026»: eGov Mobile арқылы өз сайлау учаскеңізді білуге болады
Коллаж: ҚР Цифлық Үкіметі

eGov Mobile қосымшасында сайлаушыларға қажетті негізгі ақпаратты бір жерден алуға мүмкіндік беретін «Құрылтай-2026» арнайы бөлімі іске қосылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Цифлық Үкіметі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Пайдаланушылар өз сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін біліп, сайлаушы туралы мәліметтерді тексере алады және дауыс беру күніне дейінгі кері санақты көре алады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ бөлімде сайлау туралы ақпарат, жаңалықтар мен іс-шаралар, құжаттар, сұрақтар мен жауаптар, ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу және байланыс ақпараты қолжетімді.