Қазақстандық компаниялар жаңа экспорт нарықтарына шығып жатыр

16 қыркүйек, 2026
Жәнібек Амангелді Жәнібек Амангелді
Қазақстандық компаниялар жаңа экспорт нарықтарына шығып жатыр
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында осылай мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, биыл 125 қазақстандық компания экспорт акселерациясы бағдарламасына іріктелді. Бағдарлама аясында әр компания үшін жеке экспорт стратегиясы әзірленіп, өнім өткізуге басымдық берілетін шетелдік нарықтар айқындалды. Сонымен қатар әлеуетті шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату ұйымдастырылды.

«Жыл басынан бері Қытай, Ауғанстан, Ресей, Таиланд, Нидерланд, Моңғолия және Солтүстік Македонияға сауда-экономикалық миссиялары өткізілді. Кездесулердің нәтижесінде металлургия, мұнай-химия, тоқыма, медициналық өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені салаларында жұмыс істейтін отандық кәсіпорындардың өнімдерін шетелге жеткізу бойынша бірқатар келісімге қол жеткізілді», – деді Айдар Әбілдабеков.

Еске салсақ, елімізде Қазақстанда көлеңкелі экономика үлесі 15,69 пайызға дейін төмендеді.