Референдум-2026

Қазақстандық команда «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде чемпион атанды

Бүгін, 09:05
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық команда «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде чемпион атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық Team KZ «Болашақ ойындары – 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирінде Phygital Shooter CS 2 дисциплинасы бойынша чемпион атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Ақтық бәсекеде отандастарымыз Liga Pro Team командасын тартысты матчта 2:1 есебімен жеңіп, жарыстың алтын жүлдесін иеленді.

Финалдың нәтижесі:

• Dust2 – 13:1 🇰🇿

• Neo Data – 1:13

• Nuke – 13:9 🇰🇿.

Шешуші Nuke картасында Team KZ ойыншылары жоғары шеберлік пен мықты командалық үйлесімділік танытып, чемпиондық атақты өз еншісіне жазды.

1. Team KZ – чемпион!

2. Liga Pro Team

3. Minsk House.

«Жеңіспен бірге қазақстандық команда 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлдені иеленді. Ал дисциплинаның жалпы жүлде қоры 150 мың АҚШ долларын құрады.

Бұл – қазақстандық киберспорт пен фиджитал спорт үшін маңызды тарихи жетістік!» - делінген хабарламада.