Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін құру жұмысы аяқталуға жақын
18 желтоқсан, 2025
Фото: Pixabay.com
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ететін Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін құру жөніндегі жұмысты аяқтауда. Саланы цифрландыру барысы және Президенттің бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы вице-министр Олжас Сапарбеков Үкіметтің қорытынды баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Бүгінгі таңда 39 компания тексеруден өтіп, 127 өтінім берді. Жаңа дерекқор өндірушілерді онлайн тіркеуге және сатып алу жүйелерімен біріктіруге мүмкіндік береді.
«Тізілім өндірістік қуаттар мен локализация деңгейі туралы толық ақпарат береді, бұл процестердің ашықтығын арттырып, қазақстандық зауыттарға нақты қолдауды қамтамасыз етеді», - деді вице-министр.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Үкіметте Ұлытау облысын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды
1 тамыз, 2026
Қазақстанда білім, технология және жаһандық бәсекеге қабілеттілік басым бағыттар ретінде айқындалған
31 шілде, 2026
Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
31 шілде, 2026
Үкімет гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітті