Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында топ жарды
1 наурыз, 2026
Фото: olympic.kz
Қазақстанның әйелдер құрамасы конькимен жүгіруден Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Қазақстандық спортшылар командалық спринтте жеңіске жетті. Отандастарымыз 1:28.77 уақытта мәреге жетті.
Бұл сында ел намысын Кристина Шумекова, Анастасия Беловодова және Варвара Глухова қорғады.
Польша құрамасы 1:28.94 уақыт нәтижесімен күміс жүлдеге ие болса, Канада 1:29.25 уақыт көрсеткішімен үшінші орын алды.
Айта кетейік, бұған дейін Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында чемпион атанып, 3000 метрде күміс жүлде жеңіп алған еді. Сондай-ақ ол кіші көпсайыста да топ жарды.
Ұқсас жаңалықтар