Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоизді Лихтенштейн Князьдігінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
– Қазақстан Лихтенштейнмен көп жылғы достық қарым-қатынасты және өзара құрметті жоғары бағалайды. Тиімді ынтымақтастығымыз екі ел халықтарының игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоиздің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Князьдік халқына бақ-береке тіледі.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.