Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды

14 қыркүйек, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын Сеул әуежайында Премьер-министрдің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті.