Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптады
7 наурыз, 2026
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран Президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды. Қазақстан Президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нахчыван қаласындағы әуежайға жасалған дрон шабуылын айыптады.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
Тоқаев: Бұл Конституция елімізді ілгерілетініне ешқандай күмәнім жоқ
15 наурыз, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
13 наурыз, 2026
Президент биатлоншы Ербол Хамитовты Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады
13 наурыз, 2026
Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар лауазымды тұлғалар тағайындалды