Прокуратура жеңіл жаза тағайындалды деп санаған екі қостанайлықтың ісі қайта қаралды
Қостанай облысының прокуратурасы қылмыстық іс бойынша тағайындалған жазаны шамадан тыс жеңіл, сотталғандардың жасаған қылмысының ауырлығына сәйкес келмейді деген тұжырым жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қадағалау органы қылмыс үшін жаза әділ әрі жасалған іс-әрекетке сәйкес болуы тиіс деп санайды.
«Қостанай облысының бір ауданында тұратын екі ер адам мас күйінде жәбірленушіні ұрып-соққан, салдарынан оның қабырғалары сынып, өкпесі зақым келген. Денсаулыққа ауыр зиян келтіргеніне қарамастан, бірінші сатыдағы сот кінәлілерге 6 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталғандар іс жүзінде бостандықта қалған», делінген хабарламада.
Прокуратура тағайындалған жазаны шамадан тыс жеңіл, сотталғандардың жасаған қылмысының ауырлығына сәйкес келмейді деген тұжырым жасады.
Олар бұған дейін де қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қоғамдық тәртіпті жүйелі түрде бұзған және ішімдікке әуес болған. Бұрын қолданылған ықпал ету шаралары олардың түзетпеген.
Қадағалау органының кассациялық наразылығы негізінде тағайындалған жаза өзгертіліп, кінәлілер 6 жыл мерзімге нақты бас бостандығынан айырылды.
Еске салсақ, Атырауда тозығы жеткен нысанға бөлінбек болған 389 млн теңге үнемделді.