Президент Glencore компаниясының бас директорын қабылдады
12 қыркүйек, 2024
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Glencore компаниясы қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.
Бұдан бөлек, еліміздің тау-кен, металлургия және энергетика салаларындағы компания жұмысының негізгі аспектілері талқыланды.
Президент экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және өндіріс процесіне инновациялық технологияларды енгізу қажет екеніне айрықша назар аударды.

Ұқсас жаңалықтар
9 мамыр, 2026
Президент Румен Радевті Болгария Премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады
9 мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен әскери шеруге қатысты
9 мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді
8 мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Католик шіркеуінің басшысын Астанаға шақырды