Президент Еревандағы Meridian Expo and Event орталығына барды

Бүгін, 11:49
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президент Еревандағы Meridian Expo and Event орталығына барды
Фото: akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Еревандағы Meridian Expo and Event орталығына барды.

Мемлекет басшысын Армения Премьер-министрі Никол Пашинян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш күтіп алды.

COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысушылар бірге суретке түсті.