Мемлекет басшысы Жамбыл облысына сапары кезінде Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңгені құрайды.

Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі.

Бұған дейін Президенттің «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралаған болатын.