Қазақстанда цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытудың жаңа стратегиясы қабылданды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— Мемлекет басшысы «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды, — делінген хабарламада.
Жарлықтың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Осыған дейін Абай облысының әкімі Президентке өңірдің экономикалық дамуы туралы есеп бергенін жазған болатынбыз.