Полицейлер мас күйде көлік жүргізген ер адамды ұстады
14 қаңтар, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Талдықорғанда полиция мас күйде көлік жүргізген ер адамды ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«13 қаңтарда полицейлер күдікті Toyota Carina көлігінің жүргізушісін тоқтатқан. Жүргізуші 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, тексеру нәтижесінде оның көлік құралын мас күйінде басқарғаны анықталды. Аталған дерек бойынша әкімшілік іс жүргізіліп, сот отырысының қорытындысы бойынша жүргізуші 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар оған 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды», - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
19 маусым, 2026
Елордада «INVEST CARAVAN» жобасы аясында инвесторлардың өзекті мәселелері қаралды
19 маусым, 2026
Алматыда жаңа психоактивті заттар мәселесі бойынша өңірлік кездесу өтті
19 маусым, 2026
Құтқарушылар су айдындарында қауіпсіздік шараларын күшейтуде
19 маусым, 2026
Әкімшілік әділеттің 5 жылы: азаматтардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері қалай өзгерді