Олжас Бектенов ҚТЖ-дағы транзиттік тасымал жоспарының орындалуын сынға алды

Бүгін, 11:55
Думан Аманжол Думан Аманжол
Олжас Бектенов ҚТЖ-дағы транзиттік тасымал жоспарының орындалуын сынға алды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығының назарын транзиттік тасымалдау жоспарының кешігуіне аударды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов теміржол саласы мен инфрақұрылымның дамуы туралы баяндамаларды тыңдап, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновке бекітілген көрсеткіштерді уақтылы орындау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

«Талғат Сағиұлы, сіздің алдыңызда транзиттік тасымалдарды 55 млн тоннаға дейін жеткізу міндеті тұр. Алайда, менде бар ақпаратқа сәйкес, бүгінде жоспарлы көрсеткіштерден 30%-ға артта қалып келесіздер. 23 млн тоннаның орнына «ҚТЖ» небәрі 16 млн тонна тасымалдаған. Бекітілген көрсеткіштердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл сіздің жеке жауапкершілігіңізде», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Еске салсақ, Үкімет отырысында «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов жылжымалы құрамды жаңғырту туралы баяндады.