Наурыз мерекесі қарсаңында халыққа қызмет көрсету орталықтары 4 күн жұмыс істемейді, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар 21–24 наурыз аралығында жұмыс істемейді.
25 наурыз (сәрсенбі) — кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
26 наурыздан бастап барлық орталықтар әдеттегі жұмыс кестесіне оралады.
Астана қаласында кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары:
Алматы ауданының №1 бөлімі, Қ. Сәтбаев көшесі 25
Сарыарқа ауданының №2 бөлімі, Республика даңғылы 43
Астана қаласындағы №1 МХҚО С.Мұқанов көшесі 2.
Еске сала кетсек, мерзімі өткен жүргізуші куәлігін енді онлайн ауыстыруға болады.