Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны сиырының жоғалғанын айтып, полицияға жүгінген. Алайда іздестіру барысында күтпеген жайт анықталған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары екі күн бойы малды іздеп, тіпті дрон мен қызметтік итті жұмылдырған. Бірақ жұмыс барысында сиырдың жоғалмағаны әшкереленді.
СҚО полициясының дерегінше, әйел сиырын әпкесіне қаржылай көмектесу үшін күйеуінің келісімінсіз 550 мың теңгеге сатып жіберген. Мұны жұбайынан жасыру мақсатында полицияға жалған хабар берген.
«Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін ауыл тұрғыны жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.