Илон Маск мемлекеттік қызметтен кетті
29 мамыр, 2025
Фото: bbc.com
Америкалық миллиардер әрі кәсіпкер Илон Маск Үкіметтің тиімділігі департаментінің басшысы қызметінен кетті. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Арнайы үкіметтік кеңесші ретіндегі мерзімі аяқталған Илон Маск Президент Дональд Трампқа ысырапшылдықты азайтуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.
BBC деректеріне сүйенсек, Ақ үй сәрсенбі түні Маскты қызметтен босату процесін бастады.
«Оның қызметі уақытша еді және оның кетуі күтпеген жағдай емес. Алайда бұл оқиға Маск Трамптың басты заңнамалық бастамасын сынағаннан кейін бір күн өткенде болды», - деп жазады ВВС.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
Референдум: Шетелдегі 9 мыңнан астам Қазақстан азаматы дауыс берді
13 наурыз, 2026
Татарстанда жаңа Конституция жобасы таныстырылды
13 наурыз, 2026
Швецияда Қазақстанның конституциялық реформалары таныстырылды
11 наурыз, 2026
Бельгияда қазақ жастары алдағы республикалық референдумды талқылады