Елордалық оқушылар экосағатта суды тиімді пайдалануға қатысты ұсынысын ортаға салды

14 қыркүйек, 2026
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық оқушылар экосағатта суды тиімді пайдалануға қатысты ұсынысын ортаға салды
Фото: Ф.Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназия

Бүгін Астанада Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясының 10 «Б» сыныбында сынып жетекшісі Жұлдыз Мұқышеваның жетекшілігімен «Су – Қазақстанның байлығы: бағала, қорға, сақта!» тақырыбында ашық сынып сағаты өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шара барысында оқушылар Қазақстандағы су ресурстарының маңызын талқылап, су тапшылығы мен ластану себептерін зерттеді. Топтық, жұптық және жағдаяттық тапсырмалар арқылы суды тиімді пайдалану және қорғау жолдары бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Айта кетерлігі, Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясында қазіргі таңда 1 788 оқушы білім алып, 77 сынып-комплект жұмыс істейді. 14 қыркүйек – дүйсенбі күні білім ордасының 1-11 сыныптарында сынып сағаты ұйымдастырылып, оқушылардың жас ерекшелігіне сай тәрбиелік және танымдық бағыттағы тақырыптар қамтылды.

Осындай мазмұнды тәрбие жұмыстары оқушылардың білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың табиғи ресурстарды сақтау, қоршаған ортаны қорғау және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға зор ықпал етеді.

Сынып сағаты оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауға бағытталды.