Елордада Ш. Бейсекова мен Ш. Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысы жөндеуге жабылады

10 қыркүйек, 2026
Жәнібек Амангелді Жәнібек Амангелді
Елордада Ш. Бейсекова мен Ш. Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысы жөндеуге жабылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

10 қыркүйектен 11 қыркүйекке қараған түні сағат 21:00-ден 07:00-ге дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Ш. Бейсекова Ш. Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысында жол төсемі ауыстырылады.

Осы бағытта жүретін жүргізушілер маршрутын алдын ала жоспарлауы қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аталған қиылыста уақытша жол белгілері қойылады.

Еске салсақ, Н.Тілендиев даңғылы мен Ш.Бейсекова көшесінің қиылысында 15 қыркүйекке дейін көлік қозғалысы ішінара шектелген.