Елордада рейд кезінде түнде қараусыз жүрген жасөспірімдер анықталды

Елордада рейд кезінде түнде қараусыз жүрген жасөспірімдер анықталды
Астана қаласы прокуратурасы видеосының скрині

Елорданың Сарайшық ауданы прокуратурасы полиция қызметкерлері және білім басқармасының, балалардың құқықтарын қорғау басқармасының, Сарайшық ауданы әкімдігінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жүрген кәмелетке толмағандарды анықтауға бағытталған профилактикалық рейд өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.

Рейд барысында компьютер клубтары, ойын-сауық орталықтары, саябақтар және көпшілік жиналатын өзге де орындар тексерілді. Нәтижесінде түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандар анықталды. Олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік және профилактикалық сипаттағы шаралар қабылданды.

Прокуратура балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңнама талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.

Еске салсақ, таяуда жасөспірімдер елорданың Триатлон паркіндегі көпір асты кеңістігін өртеп жіберді.