Елордада Өндіріс көшесі уақытша жабылады

8 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада Өндіріс көшесі уақытша жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Көкшетау бағытындағы айналма жолға баратын Өндіріс көшесінде салмақ өлшейтін датчиктерге арналған асфальт жабындысын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жұмыс учаскесінің ұзындығы 200 метр. Осыған байланысты, 8-11 қыркүйек аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толық жабылады.

Жұмыс түнгі уақытта сағат 20:00-ден 08:00-ге дейін жүргізіледі.

«Жүргізушілер бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгісі орнатылады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астананың айналма жолында Wildberries-тің логистикалық хабы салынып жатыр.