Елордада колледж студенттері ерекше челленджді бастады
30 қыркүйек, 2025
Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астана қаласындағы Сервис және туризм колледжінің студенттері мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған «Ұстазыңды құттықта» атты республикалық челленджді қолдап, өз ұстаздарына ерекше ықылас пен алғыс білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Студенттердің айтуынша, бұл челлендж – ұстаздың еңбегін бағалап, алғысын білдіруге арналған тамаша мүмкіндік.

Сонымен қатар жастар ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани байланысты нығайтып, тәлім-тәрбиеге деген құрметті арттырудың маңызды екенін атап өтті.
Аталған акция арқылы колледж студенттері білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға шын жүректен ризашылықтарын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
LRT-ның екінші кезеңі: Қосшы бағытындағы алғашқы баған дайындалды
3 мамыр, 2026
Астанадағы жәрмеңкеде өңірлерден келген 30-ға жуық кәсіпкер өнімін ұсынды
3 мамыр, 2026
Астанада қала сыртындағы айналма жолдың бір бөлігі жабылады
3 мамыр, 2026
Астанада 440-тан астам студент әскери ант қабылдады