Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын оқушылар үшін сабақтар тоқтатылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«2025 жылғы 15 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Білім басқармасының хабарламасында.
Айта кетейік, бірінші ауысымның 0-6-сынып оқушылары да қашықтан оқуға көшкен болатын.