Референдум-2026

Елордада екі күнде мас күйінде көлік жүргізген 24 жүргізуші ұсталды

Бүгін, 17:05
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада екі күнде мас күйінде көлік жүргізген 24 жүргізуші ұсталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Өткен демалыс күндері Астана қаласының полиция қызметкерлері көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқарған 24 жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Осындай фактілердің бірін Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері түнгі сағат шамамен бірде анықтады. Елорда көшелерінің бірінде Haval автокөлігі тоқтатылды. Көлік тізгінінде 38 жастағы ер адам болған. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.

«Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот шешімімен ер адам 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды», - делінген хабарламада.

Астана қаласының Полиция департаменті көлік құралын мас күйінде басқару жол қозғалысы қауіпсіздігіне, азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Еске сала кетейік, астаналық полицей автобуста кәмпитке қақалған сәбидің өмірін құтқарды.