Астанада үш қабатты ғимараттағы өрт сөндірілді – ВИДЕО
8 желтоқсан, 2025
ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері елордада үш қабатты ғимараттағы өртті сөндірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«8 желтоқсан күні 08 сағат 40 минутта Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы А.Иманов көшесі 5 мекенжайы бойынша үш қабатты жеке тұрған ғимараттың сыртқы қаптамасы жанғаны жайлы хабарлама түсті. Бөлімшелер шақырту бойынша жіберілді. Олар келген кезде сыртқы алюкобонд қаптамасының 280 шаршы метр аумағы жанды. Зардап шеккендер жоқ. 09 сағат 15 минутта өрт оқшауланды. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 21 техникасы мен 82 құрамы жұмылдырылды», - деді Астана қаласы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Мәуленбердиев.
Бұған дейін қаладағы бір қабатты павильоннан өрт шыққанын жазған болатынбыз.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген