Еліміз ет экспортын жылына 50 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр
8 шілде, 2025
Фото: Үкімет
Ауыл шаруашылығы министрлігі сүт-тауар фермаларына етті мал шаруашылығы саласына жеңілдікпен кредит беру бағдарламасын кеңейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ведомство басшысы Айдарбек Сапаровтың айтуынша, бағдарламаның әлеуетті қатысушылары етті мал шаруашылығында австралиялық тәжірибені енгізу бойынша жобалар болуы мүмкін, олар жылдық түсімі 500 млрд теңгеге жуық 50 мың тоннаға дейін ет экспортын қамтамасыз етеді. 14 жобаны іске асыру үшін 29,3 млрд теңге қарастырылған.
Сүт фермаларына жеңілдікпен кредит беру жылдық 2,5%-бен жүзеге асырылатынын атап өту маңызды. Бағдарлама аясында 116 сүт-тауарлы ферманы салу жоспарланған. Оның 69-ы қолданысқа енгізілді,тағы 47-сі іске асыру сатысында.
Ұқсас жаңалықтар
26 маусым, 2026
Олжас Бектенов Melco Resorts & Entertainment басшысы Лоуренс Хомен Alatau city-ді дамыту аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
26 маусым, 2026
Коммуналдық саланы және электр энергетикасын жаңғыртуға 1,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды - Үкімет
26 маусым, 2026
Елімізде инфляция деңгейі 10,4%-ға дейін төмендеді - Бектенов
26 маусым, 2026
Елімізде 1 миллионнан астам адам жасанды интеллект негіздерін оқыды - Премьер-министр