«Дәрігерлер себебін анықтай алмады»: Жұлдыз Әбдікәрімова сырқаты жайлы айтты
31 қаңтар, 2025
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова былтыр жаз бойы ауруханада ем қабылдағанын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Басымның қысып ауыратыны сонша, тіпті тыныс алудың өзі азап болды. Дәрігерлер себебін анықтай алмай, менімен бірге әбден қиналды. Басымды сан мәрте тексерістен өткіздік. Тасқа да, тауға да соқтық деген осы шығар», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Сондай-ақ ол 2022 жылы алаяқтарға алданғанын, енді үйіне әлі қол жеткізе алмай жүргенін және осы мәселе бойынша сот процесі жалғасып жатқанын атап өткен.
Бұған дейін актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ақшадан қатты қиналып жүргенін айтқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі 40 пайызға жетті
13 наурыз, 2026
БҰҰ-ның Даму бағдарламасы арқылы еліміздің медицина саласына арнайы 30 автокөлік сатып алынды
13 наурыз, 2026
Елімізде медициналық көмек сапасын басқарудың жаңа моделі енгізіледі
12 наурыз, 2026
Елордадағы емханада жаңа Конституция жобасы талқыланды