Чемпиондар лигасы: «Олимпиакос» футболшылары Астанаға келді
8 желтоқсан, 2025
olympiacosfc
Грекиялық «Олимпиакос» футболшылары Чемпиондар лигасының алтыншы турында «Қайратқа» қарсы ойынға Астанаға келді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Олимпиакостың» баспасөз қызметі команданың Қазақстан астанасына келген видеосын өздерінің Instagram сториздерінде жариялап, «Ауа температурасы -4°C» деп жазды.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы ойын 9 желтоқсан сағат 20.30-да «Астана Арена» стадионында өтеді. Матчты Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар