Референдум-2026

Бурабайда ер адам қаңғыбас итті атамын деп әріптесін жарақаттап алды

Бурабайда ер адам қаңғыбас итті атамын деп әріптесін жарақаттап алды
Фото: freepik.com

Ақмола облысында болған оқиға кезінде оқ ер адамның аяғына тиген, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Дәрігерлердің мәліметінше, қазіргі уақытта жараланған адамның «өміріне қауіп жоқ».

Ал полиция екі баппен іс қозғаған.

«Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру және жануарларға қатыгездік жасау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде», – деді Ақмола облысы Полиция департаментінен.

Бұған дейін ұландықтардың елордада ер адамды есірткімен ұстағанын жаздық.