Референдум-2026

Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Бүгін, 08:30
Думан Аманжол Думан Аманжол
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды
Коллаж: ЖИ

Шәмшінің әндері – уақыт озған сайын қадірі арта түсетін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл мұра, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

«Менің Қазақстаным», «Арыс жағасында», «Ақ бантик» және басқа да көптеген туындылары бірнеше буынның қуанышы мен мұңын, махаббаты мен үмітін әуенмен өрнектеген өлмес шығармаларға айналды.

Оның әуендерінен қазақ даласының кең тынысы, ұлттық болмыс пен жүрекке жақын ерекше сыршылдық сезіледі. Сондықтан Шәмші Қалдаяқовтың әндері әлі де миллиондаған тыңдарманның көңілінен берік орын алып келеді.

Шәмшінің мәңгілік әуендері қазақ халқымен бірге жасай бермек», - делінген министрлік хабарламасында.