«Болашақ» стипендиясына жаңа талаптар енгізілді
12 мамыр, 2025
Фото: bolashak.gov.kz
2025 жылы «Болашақ» стипендиясына өзгерістер енгізіліп, енді конкурс кезең-кезеңімен өтеді, ал үміткерлер шекті балл жинауы керек, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұйым мәліметінше, жаңа «мемлекеттік қызметшілер» санаты енгізіліп, олар үш жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істейді.
«Түлектер халықаралық ұйымдарда еңбек ете алады. Үміткерлер уәждемелік хат ұсынуы тиіс, ал конкурстық іріктеуден өтпей қалғандар қайта өтінім бере алады. Оқуды аяқтаған соң стипендиаттар қорытынды жұмыс ұсынады. Шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетімен түскендер үшін шет тілінен сертификат талап етілмейді. Барлық өзгерістер іріктеуді жақсартуға бағытталған», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Астана мен Алматы халықаралық білім беру хабы ретіндегі позициясын нығайтып келеді
31 шілде, 2026
Қазақстан құрамасы EJOI 2026 олимпиадасында үш медаль иеленді
31 шілде, 2026
Қазақстанда оқуға 550 шетел азаматына білім беру гранты тағайындалды
31 шілде, 2026
450 мыңға жуық бала мектепке дайындалуға көмек алады - Оқу-ағарту министрлігі