Бокстан 2025 жылғы Әлем кубогінің кезеңі Қазақстанда өтеді
23 қаңтар, 2025
фото: olympic.kz
World Boxing ұйымы 2025 жылдың ресми жарыс күнтізбесін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Күнтізбе бойынша 2025 жылғы Әлем кубогының екінші кезеңі Қазақстанда 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.
Бокстан Әлем кубогі - ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы.
Сондай-ақ биыл жыл бойы үш кезең өткізіліп, қараша айында финалдық бәсеке ұйымдастырылады. 2025 жылғы әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияда өтетіні белгілі болды.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
3 мамыр, 2026
Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды