Биыл елордада бір миллионнан астам жасыл желек отырғызылады
30 сәуір, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Елордамыз жасыл желекке бөленеді.
Биыл Астанада 1 миллионнан астам жасыл желек – ағаштар, бұталар, көпжылдық және біржылдық гүлдер отырғызылады.
Бүгін «Астана Генплан» ЖШС базасында қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мен көгалдандыруға бөлінетін бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды», - деп жазды Табиғат Зейнұлқабден.

Жоспарға сәйкес:
- 38 қоғамдық және 152 аула аумағын көгалдандыру,
- ағаштардың электрондық төлқұжаттарын енгізу,
- жасыл желекті цифрландыру мен мониторинг жүргізу,
- ЛРТ желілерінің астындағы аумақтар да қамтылатын жаңа қоғамдық кеңістіктерді құру көзделуде.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:48
Қырғызстан ОСК төрағасы: Астанадағы референдумда белсенділік жоғары
Бүгін, 15:59
Астанада волонтерлер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты
Бүгін, 15:43
Елордалық кәсіпкерлер Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық акцияларын өткізіп жатыр
Бүгін, 15:19
Игі істер марафоны: Астанада жүздеген отбасыға азық-түлік себеті тапсырылды