Биыл 2,2 млн гектар алқап шегірткеге қарсы өңделеді

Биыл 2,2 млн гектар алқап шегірткеге қарсы өңделеді
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Биыл елімізде 2,2 млн гектар алқапты шегірткеге қарсы химиялық өңдеу көзделген Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы осылай мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
 
Оның айтуынша, шегірткенің таралуына байланысты өңделген жер көлемі 2025 жылдан бастап төмендеп келеді. Былтыр 2,7 млн гектар аумақ өңделді. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 13%-ға төмен. Ал биыл 2,2 млн гектар жер өңделеді деп жоспарланған. 

«Өңдеу көлемінің төмендеуіне өсімдіктерді қорғау жүйесін кешенді жетілдіру нәтижесінде қол жеткізілді. Фитосанитариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын жаңғырту аясында техникалық жарақтандыру күшейтіліп, мониторинг пен нақты өңдеу жүргізуге арналған 103 дрон сатып алынды», – деді вице-министр.

Еске сала кетсек, таяуда өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов зиянкестерге қарсы қорғаныс шараларын күшейтуді тапсырды.