Бір бөлмелі пәтерге 109 адамды тіркеген алматылық сотталды
13 қаңтар, 2026
Фото: pexels.com
Еліміздің оңтүстік астанасында сыйақы алу мақсатында бір бөлмелі пәтерге нақты тұрмайтын 109 адамды тіркеген азаматтың заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Резіңке» пәтердің иесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сот үкімімен ол бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа жол бермеу мақсатында көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Бұған дейін Қарағандыда балалар үйі тәрбиеленушілерінен 10 млн теңге бопсалаған топтың қылмысы әшкере болғанын жазған едік.
Ұқсас жаңалықтар