Бекасыл Асамбек U20 әлем чемпионатының финалына шықты

21 тамыз, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Бекасыл Асамбек U20 әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Еркін күрестен Бекасыл Асамбек 61 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында жапониялық Ицуки Енасироны жеңді. Осылайша ақтық сынға өтті.

Асамбек алтын жүлде үшін өтетін айқаста АҚШ өкілі Аарон Джеймс Сейделмен кездеседі.

Айта кетейік, финал бүгін, 21 тамызда өтеді.

Еске салсақ, Ғабит Расулхан дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды.