Бүгін таңда Байқоңырдан «Прогресс» ғарыш жүк кемесі ұшты
28 ақпан, 2025
Фото: Роскосмос
28 ақпанға қараған түнде Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-30» жүк кемесі ғарышқа аттанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Роскосмос-қа сілтеме жасап.
«Прогресс МС-30» ғарыш жүк кемесі Астана уақытымен сағат 2:24-те «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы 31-ші алаңнан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.
Байқоңыр ғарыш айлағынан тікелей эфир ұшырылымға жарты сағат қалғанда басталды.
«Жүк кемесі орбитаға тоғызыншы минутта шықты. Ғарыштық жүк көлігінің ұшуы екі күндік қозғалыс кестесіне сәйкес болады, ол Халықаралық ғарыш станциясымен 2 наурызда түйіседі. «Прогресс» ғарыш стансасына 2,5 тоннадан астам жүк жеткізеді», – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
7 тамыз, 2026
Бурабайда «100 Sarbaz» әскери реалити-шоуы басталды
6 тамыз, 2026
Әскери полиция қызметшілері дене даярлығы бойынша сынақтан өтті
6 тамыз, 2026
Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40-қа жуық егіздер қызмет етіп жүр
6 тамыз, 2026
Ерлан Исмағұлов: Ұжымдық шарт – өзара іс-қимылдың құқықтық негізі