Қазақстандық биатлоншылар Германияда өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысады
9 қаңтар, 2025
Фото: olympic.kz
Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан әлем кубогының кезекті кезеңі басталады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл жарысқа Қазақстан құрамасының атынан сегіз спортшы қатысады. Аталмыш турнирде Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Вадим Куралес, Ольга Полторанина, Арина Крюкова, Полина Егорова және Галина Вишневская-Шепоренко өнер көрсетеді.
Алғашқы жарыс бүгін әйелдер арасында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 18:20-да.
Айта кетейік, әлем кубогы кезеңі 12 қаңтарда аяқталады.
Ұқсас жаңалықтар
21 маусым, 2026
Әлем чемпионатының Америкада өтуі бар сезіміңді су сепкендей басады - Монсон мықтап тұрып айтты
21 маусым, 2026
Қазақстанның пара-каратэ командасы Азия чемпионатында жалпы есепте топ жарды
21 маусым, 2026
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
20 маусым, 2026
Еліміздің сегіз боксшысы Әлем кубогының жартылай финалына шықты