Жазғы Пара Азия ойындарына қай өңірлердің спортшылары қатысады

Жазғы Пара Азия ойындарына қай өңірлердің спортшылары қатысады
Фото: instagram.com/csp_parasport.kz

Жапониядағы бесінші Пара Азия ойындарының басталуына да санаулы күн қалды. Осы орайда Elordainfo.kz тілшісі жарысқа қатысқалы жатқан спортшыларымызды саралап көрді.

Неше спортшы қатысады

Жапонияда өтетін Пара Азия ойындарында елімізден рекордты 150 отандасымыз жүлдеге таласады. Салыстырмалы түрде 2023 жылы Ханчжоуда - 131, 2018 жылы – 90, 2014 жылы – 85, 2010 жылы 63 жерлесіміз өнер көрсеткен.

Бір ай бұрын жазғы Азия ойындарында спортшыларымызға шолу жасағанда, Астана, Алматы, Шымкент мегаполисінен ең көп қатысушы тіркелген еді. Енді пара Азия ойындарында ірі қалалардан бөлек, кей облыстардың да көп пара спортшысын жіберетіндігіне куә болдық.

Астана қаласы – 24 пара спортшы (2023 жылы 10 пара спортшы қатысқан)

Биылғы Пара Азия ойындарында Астана қаласының көрсеткіші өткен бәсекемен салыстырғанда 2,5 есеге көбейгенін анық байқауға болады. Елорда атынан сынға түсетін отандастарымыз 8 спорт түрінде жүлдеге таласады.

Атырау облысы – 21 пара спортшы (2023 жылы 27 пара спортшы қатысқан)

Алматы қаласы – 20 пара спортшы (2023 жылы 8 пара спортшы қатысқан)

Қостанай облысы – 11 пара спортшы (2023 жылы 7 пара спортшы қатысқан)

Жетісу облысы – 11 пара спортшы (2023 жылы 15 пара спортшы қатысқан)

Қарағанды облысы – 10 пара спортшы (2023 жылы 11 пара спортшы қатысқан)

Жамбыл облысы – 9 пара спортшы (2023 жылы 10 пара спортшы қатысқан)

Шымкент қаласы – 8 пара спортшы (2023 жылы 6 пара спортшы қатысқан)

Қызылорда облысы – 6 пара спортшы (2023 жылы 8 пара спортшы қатысқан)

Ақтөбе облысы – 6 пара спортшы (2023 жылы 5 пара спортшы қатысқан)

Түркістан облысы – 5 пара спортшы (2023 жылы 3 пара спортшы қатысқан)

Ақмола облысы – 5 пара спортшы (2023 жылы 4 пара спортшы қатысқан)

Батыс Қазақстан облысы – 3 пара спортшы (2023 жылы 3 пара спортшы қатысқан)

Алматы облысы – 3 пара спортшы (2023 жылы 2 пара спортшы қатысқан)

Павлодар облысы – 2 пара спортшы (2023 жылы 3 пара спортшы қатысқан)

Шығыс Қазақстан облысы – 2 пара спортшы (2023 жылы 2 пара спортшы қатысқан)

Ұлытау облысы өз тарихында алғаш рет пара дзюдодан 1 спортшысын жібереді.

Одан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы, Абай облысы бір өкілдерін сайысқа қосады.

Қандай спорт түрлерінде өнер көрсетеді

Жерлестеріміз алдағы бәсекеде пара дзюдо, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара велоспорт, волейболды отырып ойнау, пара оқ ату, пара үстел теннисі, пара садақ ату, пара таеквондо, бочча және арбадағы теннисте жүлдеге таласады.

Төмендегі спорт түрлері тізіміне назар аударсақ, отырып ойнайтын волейбол мен парадзюдода - Атырау облысы (7 адам), пара велоспортта - Алматы қаласы (10 адам), пара оқ атуда Астана қаласының үстемдік құрғанын анық байқаймыз.

Қандай жетістікке жетуіміз мүмкін

2010 жылдан бері үздіксіз қатысып келе жатқан жерлестеріміз 20 алтын жүлдеге қол жеткізген. Оның барлығы тек қана басым бөлігі пара жүзу спортына (15 алтын жүлде) тиесілі. 2023 жылы жерлестеріміз өз тарихында алғаш рет пара дзюдода 3 алтын, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетикада алтын жүлде жеңіп алды.

Осы жолы ең көп пара спортшыларымыз пара дзюдо (26 адам), пара жүзу (21 адам), пара пауэрлифтинг (15 адам) сынды сайыс түрлерінде өнер көрсетеді.

Айта кетейік, 18-24 қазан аралығына жоспарланған Пара Азия ойындарына 45 мемлекеттен 4000-ға жуық пара спортшы 18 спорт түрінен 492 жүлде жиынтығын сарапқа салады.