Қазақстанда жерді басқарудың зияткерлік жүйелері енгізіліп жатыр
11 ақпан, 2025
фото: primeminister.kz
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол ауыл шаруашылығын цифрландыру – жерді тиімдірек пайдалануға және фермерлердің жұмысын жеңілдетуге көмектесетінін атап өтті.
«Ол үшін біз жерді басқарудың интеллектуалды жүйелерін енгіземіз. Үлкен деректерден құнды ақпаратты аламыз. Осының нәтижесінде экономика өсуде, ал өнім өндірушіден сатып алушыға тезірек және оңай жетеді», -деді Дмитрий Мун.
Бүгінгі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қызметтің 93 түрін көрсетеді. Оның 98%-ы онлайн режимінде ұсынылады. 2024 жылы 2,6 млн-нан астам электрондық қызмет көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар
11 тамыз, 2026
Әскери-инженерлік институт курсанттары Shaiqas-2026 чемпионатының финалына қатысады
11 тамыз, 2026
Елімізде көлік ең көп жүретін ақылы жолдар рейтингі жасалды
10 тамыз, 2026
«Абайды оқы, таңырқа!»: шымкенттік прокурорлар ақын мұрасын дәріптеуге арналған бейнеролик әзірледі
10 тамыз, 2026
Көлік министрлігінде Абай күніне орай семинар өтті