Танымал ауыр атлет Едіге Емберді Астана тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Ардақты ағайын!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!
Елімізде әрдайым бірлік пен тұрақтылық болсын, әр шаңырақ шаттыққа толсын. Дендеріңізге саулық, істеріңізге береке тілеймін!
Жаңа жыл әрқайсымызға жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер әкелсін!
Наурыз құтты болсын!», - деді Едіге Емберді.
Айта кетейік, Едіге Емберді ауыр атлетикадан жасөспірім және жастар арасында әлем чемпионы саналады. 2025 жылы алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысқан.