Ауа райының нашарлауына байланысты екі өңірде жол жабылды
10 қаңтар, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Бүгін, 10 қаңтар күні ауа райының нашарлауына байланысты екі облыстағы республикалық жолда қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық тасжолдардың мына учаскелерінде қозғалыс шектелді:
Солтүстік Қазақстан облысында сағат 09:00-ден Жезқазған-Петропавл тасжолының 719-дан 785 шақырымға дейінгі учаскесінде (Новоишимское ауылынан Сергеевка қаласына дейін), ашудың болжамды уақыты – 15:00-де;
Жетісу ауданында сағат 10:00-ден Сарыөзек-Көктал учаскесінде, 40-68 шақырымға дейін (Алтынемел асуы), ашылудың болжамды уақыты – 14:00.
Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы ала аласыз.
Ұқсас жаңалықтар
19 маусым, 2026
Елордада «INVEST CARAVAN» жобасы аясында инвесторлардың өзекті мәселелері қаралды
19 маусым, 2026
Алматыда жаңа психоактивті заттар мәселесі бойынша өңірлік кездесу өтті
19 маусым, 2026
Құтқарушылар су айдындарында қауіпсіздік шараларын күшейтуде
19 маусым, 2026
Әкімшілік әділеттің 5 жылы: азаматтардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері қалай өзгерді