Референдум-2026

Атырауда «Lotus Fest-2026» аясында бұқаралық марафон өтті

Бүгін, 14:52
Думан Аманжол Думан Аманжол
Атырауда «Lotus Fest-2026» аясында бұқаралық марафон өтті
Фото: Атырау облысының әкімдігі

«Lotus Fest-2026» фестивалі аясында Run марафоны өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Атырау облысының әкімдігінің сілтеме жасап.

Жарысқа 94 адам қатысып, 3 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

Қатысушылар арасында ең үлкені - 82 жастағы қария. Жарысқа әр жастағы тұрғындардың қатысуы бұқаралық спортқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті.

Финалға бірінші боп жеткен қатысушы Диар Куспанов марафоннан алған әсерімен бөлісті.

- Мен марафонды бірінші боп аяқтадым. Сәл қиын болды, бірақ әсері өте керемет. Марафонды жүгіріп өткен әрқайсысы ерекше әсер алды деп ойлаймын. Алғашқы Run марафоны құтты болсын,- деді ол.

Қатысушылар үшін бұл тек спорттық сайыс емес, табиғат аясында уақыт өткізіп, жақсы көңіл-күй сыйлаған ерекше шара болды. Марафон соңында барлық қатысушы өз межесін бағындырып, фестивальдің мерекелік атмосферасын жалғастырды.

Еске салсақ, Астанада Спорт күніне орай «ALMATY RUN» бұқаралық жүгіруі өтті.