ШҚО-да «Шығыс Салбурыны – 2026» І Азия кубогі өтеді

Бүгін, 11:49
Думан Аманжол Думан Аманжол
ШҚО-да «Шығыс Салбурыны – 2026» І Азия кубогі өтеді
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

9–10 қазан күндері Ұлан ауданы, Бозанбай ауылындағы «Бүркіт төбеде» қазақтың дәстүрлі құсбегілік өнерін дәріптейтін «Шығыс Салбурыны – 2026» І Азия кубогі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Айтулы халықаралық додаға 9 елдің бүркітшілері қатысып, бүркіт, қаршыға, сұңқар және ителгімен бақ сынайды.

Көрермендер назарына ұлттық спорттың бірегей түрлері - тазы жарысы, асау үйрету, жамбы ату, теңге ілу және «Толағай» жарысы ұсынылады.

Мерекелік кеште танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.

Еске салсақ, ШҚО-да Рахман қайнарына апаратын жаңарған жол ашылды.