Атырау облысында 8,5 млн шабақ құтқарылды
22 қаңтар, 2025
фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Атырау облысындағы Бақсай су арнасында шабақтарды құтқару шаралары жалғасуда. 21 қаңтар таңына дейін 2 млн-нан астам шабақ құтқарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, жалпы, бірнеше күн ішінде 8,5 млн шабақ құтқарылды.
Жұмысқа 45 қызметкер мен 8 техника бірлігі жұмылдырылған. Құтқарылған, салмағы 5-6 грамм болатын балықтар тірі күйінде Жайық өзеніне жеткізілуде.
Шаралар жалғасып жатыр. Жағдай Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бақылауында.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
14 наурыз, 2026
Бас прокуратура заңсыз активтерді қайтару бойынша 2025 жылдың есебін жариялады
14 наурыз, 2026
Қайтарылған активтер бұқаралық спортты дамытуға ықпал етуде – Бас прокуратура
14 наурыз, 2026
Дрондар және жасанды интеллект: құтқарушылар жұмысындағы жаңа мүмкіндіктер