Қасым-Жомарт Тоқаев Монако халқын Ұлттық күнімен құттықтады
19 қараша, 2024
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Монаконың орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және барша адамзат үшін қауіпсіз келешекті қамтамасыз ету ісінде үлкен күш-жігер жұмсап келе жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монако арасындағы достыққа негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Князь II Альберге және Монако халқына бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
Тоқаев: Бұл Конституция елімізді ілгерілетініне ешқандай күмәнім жоқ
15 наурыз, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
13 наурыз, 2026
Президент биатлоншы Ербол Хамитовты Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады
13 наурыз, 2026
Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар лауазымды тұлғалар тағайындалды